
|
|
Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн көптеген жылдар бойы сүйікті және шын мәнінде бүкілхалықтық мерекелердің бірі болып табылады. Онда тарих пен қазіргі заман, халқымыздың бай рухани және мәдени мұрасы, ұлттық сипаттағы үздік белгілері біріктірілді. Бүгінгі мерекенің шынайы, терең мәні Отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, уақыттың үздіксіз байланысын, патриотизм, достық пен өзара түсіністік дәстүрлерінің сабақтастығын құрайды. Бүгінгі күні бізге қазіргі заманның күрделі сын-қатерлеріне төтеп беруге тура келді және тарихымыздың түпкір тереңінен күш-жігер жинай отыра, мұқтаждарға көмек пен қолдау көрсетуге күш-қуатымызды біріктіріп, медицина, полиция қызметкерлеріне, еріктілерге алғыс білдірумен жауап береміз. Еліміздің тағдыры әрқайсымызға тікелей байланысты екенін әрдайым есте сақтаймыз! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, әрбір үйде амандық, өзара түсіністік, ертеңгі күнге деген сенімділік және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Болашаққа деген үміт пен нық сенім әрқашан жаныңыздан табылсын!
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Ә.Баймағамбетов
|