ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

21.05.2020

2020 жылғы 21 мамырда Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары М. Тәткеев қатысты.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, жол құрылысы салаларын қолдау мақсатында Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін қаражат бөлінуіне байланысты «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе, сондай-ақ депутаттардың қарауына «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 6С-6-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе енгізілді. Облыстық мәслихат депутаты Н.Ж. Ысқақовтың талқылауы кезінде (Зеренді ауданы) Атбасар ауданы Сочинское ауылындағы бөгетті күрделі жөндеуге бюджет қаражатын бөлудің орындылығы туралы мәселе көтерілді. Облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» АОФ төрағасының орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетов (Көкшетау қ.) мектептерді жылы дәретханалармен қамтамасыз ету және балаларды мектепке жеткізу үшін автобустар сатып алу бойынша өзекті мәселелерді шешуге қаражат іздестіруді ұсынды. Ағымдағы жылдың маусым айында бюджетті нақтылауды қарастыру кезінде бұл мәселелер есепке алынатыны шешілді.

Депутаттар бірауыздан денсаулық сақтау басқармасы қарауға шығарған, эпилепсиямен және «Целиакия» ауруымен ауыратын балаларды қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қан донорларына көтермелеу үшін қаражат бөлу туралы мәселені қолдады.

Бұдан басқа, мәслихат сессиясында облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардағы өзгерістер бойынша 4 шешім қабылданды.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru