Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2020 жылдың 10 маусымда 11 сағат 00 мин. Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағы енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты хатшысының
міндетін атқарушы С. Аяғанов