ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

05.06.2020

     Ағымдағы жылғы 4 маусымда Сағынтай Елубаевтың төрағалық етуімен облыстың Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің 9 жобасы қаралды.

     «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы №А-11/513 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина сөз сөйледі.

     Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограммына, грамына, данасына) субсидиялар нормаларын, сондай-ақ бюджет қаражаты көлемін бекіту бойынша пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялау ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Жүсіпбеков сөз сөйледі.

     «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» жобасы бойынша ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова сөз сөйледі.

     Сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм басқармаларының басшылары баяндады.

      «Ақмола облысы Көкшетау қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы», «Ақмола облысының елді мекендерінің аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы», «Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімшілік шекарасындағы Степногорск қаласының және елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» үш акті бойынша жер қатынастары басқармасы өзгерістер енгізді.

     2020-2022 жылдарға арналған бекітілген облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаев бюджетті нақтылау кезінде туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

     Талқылау қорытындысы бойынша кеңес НҚА жобаларын әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді.

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru