ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті

10.06.2020

Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті. Күн тәртібіне Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII Форумын өткізуге дайындықпен, алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындықпен, сондай-ақ әлеуметтік сала нысандарында маусымдық жұмыстармен байланысты бюджеттік қаражатты қайта бөлу туралы мәселе шығарылды.

Бюджет қаражаты негізінен әлеуметтік сала проблемаларын шешуге бағытталды: денсаулық сақтау, білім беру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, жәрдемақы төлеу.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшаларды, Көкшетау қаласының спорт кешендерін жөндеуге шығындар қарастырылған. Бюджет қаражаты облыстық мәслихаттың депутаты, «NurOtan» АОФ төрағасының орынбасары Ғ.Бекмағамбетовтің өткен сессияда айтқан проблемаларын шешуге бағытталатын болады: мектептерді жылы дәретханалармен қамтамасыз ету және балаларды мектепке жеткізу үшін автобустар сатып алу. Сондай-ақ, Ғалым Мәдешұлы бастауыш буын (1-4 сыныптар) оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттігіне назар аударды.

Облыстың аудандары мен қалаларының әрбір кешенді жоспарында мектеп автобустарын сатып алуға қаражат көзделген. Білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіпов депутаттарды мектептердегі жылы дәретханалар бойынша мәселе оқу жылының басында толық шешілгенін айтты. Қазіргі уақытта 1 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сұрақ біртіндеп шешілетін болады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен облыс аудандарындағы мектептер мен балабақшаларды, Көкшетау қаласының спорт кешендерін жөндеуге шығындар қарастырылған.

«Облыстардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» бағдарламасына донорларға 0,75 АЕК мөлшерінде ақшалай көтермелеу төлеу үшін қаражат бөлінді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша қаражат жылу және су құбыры жүйелерін жөндеуге, коммуналдық меншік объектілерін жөндеуге, Қопа көлінің бойындағы жағалау аймағын салуға, облыстың ауылдары мен қалаларындағы жолдарды жөндеуге бағытталды.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru