Облыстың депутаттық корпусының атынан облыстық мәслихаттың бір топ депутаттары Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Болат Сүлейменұлы Жанәділовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Депутат Серік Аяғанов мерейтой иесін, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігін өміріндегі айтулы күнімен құттықтады. Әлеуметтік саладағы еңбегін атай отырып, ол облыстық ауруханада ұзақ уақыт бірге жұмыс істегені үшін алғысын білдірді.
Депутат Елена Мащинская құттықтау сөзінде Болат Сүлейменұлына қоғамдық жұмысқа адал қарағаны үшін алғыс айтып, денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Дулат Жұрымбаев мерейтой иесіне өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі орасан жұмысы үшін алғысын білдірді. Көпшілік Болат Сүлейменұлының жауапкершілік, жұмысқа қабілеттілік, ұқыптылық және т.б. қасиеттерін белгілейді. Б.Жанәділов біздің мақтанышымыз және сондай болып қала бермек.
Болат Сүлейменұлы жауап қайтара отырып, өз атына айтылған жылы сөздер мен тілектер үшін алғыс білдірді.

