Ағымдағы жылғы 18 маусымда облыстық мәслихаттың 45 кезекті сессиясы өтті. Депутаттар 2019 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы мәселені қарады. Облыстық бюджеттің атқарылуына жүргізілген талдау қаржыландырылатын іс-шаралар экономиканың үдемелі дамуына және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге, ең алдымен, біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын көрсетті. Бюджет қаражаты 100%-ға игерілді. Нәтижесінде облыстың көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалық мәселелері шешілді. Білім беру, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық сала, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы объектілерін дамытуға қаражат көзделді.
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 8,12 баптарына сәйкес экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.А. Аяғанов комиссияның 2019 жылғы жұмысы туралы есеп беріп, комиссия қызметінің тиімділігіне ықпал ететін перспективаға міндеттер қойды.
Депутаттар денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органның ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ білім беру бойынша: ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін педагогтарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы ұсыныстарын қолдады.
Бұдан басқа, облыс әкімдігі жанындағы жұмыс істейтін консультативтік-кеңес органдарына өзгерістер бойынша 7 шешім қабылданды, сондай-ақ Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер бекітілді.
Сессия соңында облыс әкімі Е.Маржықпаев мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игеру қызметінің қорытындысын шығарып, облысымыздағы пандемия жағдайына назар аударды.