
|
|
Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Сіздердің кәсіпқойлықтарыңыздан, оқиғаларды жариялау мен талдауға әділ қарай білуден, әрбір журналистің ішкі цензурасынан оқырманға әсер ететін сөз күшінің құдіреті мен ықпал ету дәрежесі байланысты болады. Өңірлік медиа-қоғамдастыққа күнделікті адал еңбегіңіз, жұмысқа жауапты көзқарасыңыз, шығармашылық әлеуеті мен ауқымды ақпарат ағымында бастысын көрсете алатындарыңыз үшін алғыс айтамыз. Өз газет басылымдарыңызда, телесюжеттерде, электрондық БАҚ материалдарында сіздер күн сайын облыстың мәнерлі, шынайы тарихын, оның ең жарқын, маңызды беттерін бейнелейсіздер. Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге белсенді қатыса отырып, қоғамдық пікір қалыптастырып, әлеуметтік ортаға елеулі әсер етеді. Сіздердің еңбектеріңіз барлығымызға заманауи жағдайда бағдар беруге мүмкіндік береді. Мерекелеріңізбен, құрметті баспа қызметкерлері, журналистер, редакторлар! Сіздерге жетістік, жарқын шығармашылық табыс тілейміз! Үнемі қызықты болып, түсіністік пен қолдау табыңыздар! Жұмыстарыңызға шабыт пен шығармашылық ілесіп жүрсін! Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының м.а. С. Аяғанов
|