Біздің облыста жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталады, оның мақсаты оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету болып табылады.
Биылғы жылы бірінші сыныпқа кішкентай Мирослав Орлов та алғаш рет жиналды. Ол Красный яр ауылының № 2 орта мектебіне барады.
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының м.а. Әсен Жақсылықов Мирославты өміріндегі осы маңызды оқиғамен құттықтап, мектеп формасын, қажетті оқу құралдары мен қашықтықтан жұмыс істеу үшін планшет табыс етті.
Мирославтың анасы Инесса Александровна ұлын мектепке дайындауға көрсеткен қолдау мен көңіл бөлгені үшін шын жүректен алғысын білдірді.