Ағымдағы жылдың 10 тамызы күні бесінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы өтті, онда негізгі сұрақ ретінде облыс әкімінің оған жүктеген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Сессияның отырысына облыс әкімі Қожамжаров Қайрат Пернешұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Джалмағамбетова Светлана Жақияқызы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомствалардың басшылары, сонымен қатар өндірістік мекемелер мен ауыл шаруашылық құрылымдары, банктар, саяси партиялар, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Әкімнің есебі бойынша облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек және бірқатар депутаттар сөз сөйлеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берді.
Облыстың басқару схемасына жаңа құрылым - Ақмола облысы жастар саясаты мәселелерінің басқармасы енгізіліп және бекітілді. Сонымен қатар Ақмола облыстық мәслихатының қоғамдық және этникааралық келісім сұрақтары бойынша партияаралық ынтымақтастықтың депутаттық тобын тіркеу туралы және басқа сұрақтар қарастырылды.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.