Ағымдағы жылғы 5 қазанда Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен облыстың Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіне сәйкес 2 нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды.
«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жобасы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың ақпараты тыңдалды.
«Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» жобасы бойынша 2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов баяндады.
Талқылау қорытындысы бойынша кеңес жобаларды әзірлеушілерге нақты ұсыныстар берді.
