Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары сіздерді ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтайды!
26 жыл бұрын, 1993 жылы 15 қарашада қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде бекітілді! Бүгінгі таңда сіздің кәсібіңіз терең білімді ғана емес, сонымен қатар кең ой-өрісті, шығармашылық әлеуетті, стандартты емес шешімдерді іздеуді талап етеді. Сенімді шешімдеріңіз, сауатты жоспарлауыңыз және бюджет қаражатын бөлуге салмақты көзқарасыңыздан өңірдегі әрбір саланың қызмет етуі және адамдардың әлеуметтік әл-ауқаты байланысты. Жоғары деңгейлі біліміңіз бен өз ісіңізге деген адалдық барлық міндеттерді сәтті орындауға мүмкіндік береді! Сіздердің әрқайсыңыз бүкіл бюджеттік циклдің жан-тәнімен жүректен өткізіп, кестелердегі әрбір саннан жұмыс істейтін салалар, әлеуметтік нысандар, адамдардың үміттері мен армандарын көретіндеріңізге сенімдімін.
Сіздерге адал және қажырлы еңбегіңіз, облысымыздың экономикалық дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Ең батыл идеяларды оңай іске асыруға, жаңа кәсіби табыстарға, қаржылық әл-ауқат пен өркендеуге қол жеткізуге тілектеспіз! Әрдайым ойларыңыз сәтті болсын, жақындарыңыз бен туыстарыңыз барлық бастамаларыңызды қолдасын!
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының м. а. А. Жақсылықов