ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Атқарылған жұмыстарымыздың барлығы ел мүддесін көздейді

28.11.2020

2020 жылдың тоғыз айында қоғамдық кеңестің 37 отырысы өткізілді. Оның 25-і қоғамдық кеңестің төралқасының отырысы болса, 9 отырыс онлайн режимінде өткізіліп, 215 нормативтік-құқықтық акт ұсыныстары қаралып, бекітілді. Отырыстарда облыс әкімінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері облыста атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Сондай-ақ, отырыстарда төралқа құрамына және төрт комиссияның құрамына толықтырулар енгізілді. 2020 жылға арналған жұмыс жоспары егжей-тегжейлі зерделенді.

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындылары жасалып, ол бо-йынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Хайруллиннің есебі тыңдалды. Өткен жылы ақмолалықтарға 6 миллион 326 мың рет мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді. Оның 85,5 пайызы электронды форматта болса, 8,1 пайызы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы атқарылған. Қалғандары қағаз түрінде.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл са-йын тәуелсіз сараптама ұйымы жүргізетін ауқымды әлеуметтік зерттеуге бастамашылық жасайды. Яғни, сауалнама, мемлекеттік қызметтерді жеткізушілермен және тұтынушылармен сұхбат жүргізу, «құпия сатып алушы», тағы басқа әдістер пайдаланылады. Мониторингке неғұрлым жаппай және сұранысқа ие әрі әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер қойылды.
Мониторинг нәтижесі ақмолалықтардың 87,6 пайызы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына толығымен қанағаттанатынын көрсетті. Сонымен қатар, қанағаттану деңгейі республикалық деңгейден едәуір жоғары. Бұл көрсеткіш 69,3 пайызды құрайды. Осы көрсеткіш бойынша еліміздің барлық жергілікті артқарушы органдары арасында біздің облыс бірінші орын алды.
Отырыстарда жалпы проблемалық сұрақтар да талқыланды. Мысалы, мониторинг аясында көрсетілетін қызметті алушы халыққа қызмет көрсету орталықтарының алыс орналасуы, көптеген азаматтарға қызмет көрсету үшін компьютерлік техниканың жетіспеушілігі, жеделдіктің болмауы және персоналдың кем-кетігі сияқты бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Осының барысында облыс тұрғындарына елді мекен шегінен тыс емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылды. Бұл жерде әңгіме жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін республикалық ұйымдар мен облыстық маңызы бар қалаларға жіберілетін медициналық қызметтер туралы болып отыр.
Осы игі іске ақысыз қатысатын донорларға 0,75 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде қосымша көтермеақы беру туралы мәселе егжей-тегжейлі қаралды. Өйткені, оларға қан тапсыру кезінде жұмсалған ағза қуатын қалпына келтіру үшін толымды тамақтану қажет. 2019 жылы бұл төлемдердің жалпы сомасы 11 миллион теңгені құрады. Төлемді 5760 донор алды. Олардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар.
Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ, тәжірибе көрсеткеніндей, әр науқастың барлық қажеттіліктерін ескеру әрдайым мүмкін емес. Әрине, өзгерістер мен толықтырулар енгізу сөзсіз қажет. Оны жедел енгізу керек. Себебі, кешіктіру денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ақмолалық 28 кішкентай науқастар целиак-глютенге тұрақты төзбеушілік ауруынан азап шегеді. Сондықтан, оларға аглютин диетасын ерте жастан бастап және өмір бойы сақтауға тура келеді. Бұл орайда, жыл басынан бастап орта есеппен бір бала үшін жылына шамамен 330 000 теңге қажет.
Бүгінде «Шашыраңқы склероз» ауруы бар науқастарды қамтамасыз ету проблемасы өткір тұр. Бұл аурумен ауыратын 20 жастан 40 жасқа дейінгі 160 адам бар. Олардың үштен екісі әйелдер. Науқастар аурудың ағымын өзгертетін дәрі-дәрмектерді алады. Бірақ, олардың бірі негізгі емдік дозада емес, тегін қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген. Бұл жағдайда облыстық бюджеттен ақша бөлу қажет болады.
Карантинге дейін 2020 жылдың бірінші тоқсанында Қали Рахметовтың төрағалық етуімен аграрлық мәселелер, инновациялық даму және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған облыстық қоғамдық кеңес жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті. Онда Кеңестің алдағы отырысына «Ақмола облысындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау мониторингі» мәселесін дайындау барысы талқыланды. Барлық туындаған сұрақтарға жауап алу үшін жұмыс тобы жадынама әзірледі және бірқатар ведомстволарға тиісті ақпараттарды сұрап, хаттар жіберді. Сондай-ақ, комиссия жоғарыда аталған қызметтердің жұмысымен танысты. Қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
Карантин кезінде облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында еріктілер қозғалысына белсенді қатысу мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жан-жақты қолдау көрсету көзделді. Қоғамдық кеңес мүшелері – бизнесмендер өздерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерін қолдап, жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту бөлімдерімен тығыз байланыста болып, жәрдемақыларды ресімдеуге көмек берді.
Облыста карантиндік режимге дайындық кезінде барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңес мүшелері блок-бекеттерді материалдық-техникалық жарақтандыруға, ыстық тамақ, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.
Мәселен, облыс Қоғамдық кеңес мүшесі Елена Ивановна Мащинская қайырымдылыққа бір миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Ал, Қоғамдық кеңестің тағы бір мүшесі Әсен Дулатұлы Жақсылықов өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат сатып алды және 450 отбасына жалпы сомасы 3 миллион 400 мың теңгенің азық-түлік пакеттерін таратты. Осындай көмекпен жалпы, екі мыңнан астам отбасы қамтылды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері жалғыз басты және қарт адамдарға көмір, су, азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды.
Облыстық мәслихат хатшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі Ә.Баймағамбетов, сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Д.Жұрымбаев және Г.Кәкенова мобильді топ жұмысы шеңберінде сауда үй-жайларында санитарлық нормалардың сақталуын және жұмыс орындарын дезинфекциялауды тексеру мақсатында қала базарларына, азық-түлік дүкендеріне барды. Бұл жұмыс істеуге рұқсат етілген ұйымдарға жұмысшылардың да, клиенттердің де қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жүктелген.
Қала тұрғындарынан бағаның өсуіне байланысты көптеген өтініштер келіп түсті. Жалпы, нарықта әлеуметтік маңызы бар басты қажеттіліктегі тауарлар мен өнімдердің бағасы белгіленген шеңберде сақталады. Рейд барысында Әлібек Баймағамбетов қала тұрғындарына 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алу туралы кеңес беріп, басқа да сұрақтарға жауап берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері ақпараттық жұмысқа белсенді қатысуда. Сондай-ақ, С.Аяғанов, Е.Мащинская халыққа бейне үндеулер жолдаса, Ә.Баймағамбетов, Ә.Жақсылықов, С.Аяғанов облыста карантиндік шараларды түсіндіру бойынша онлайн-конференциялар сериясын өткізді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Жабал Ерғалиев, Қайырбай Төреғожа, Гүлнәр Бекенова жүйелі негізде бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің жұмысы, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың қайырымдылық көмегі, ауруханалардағы хал-ахуал туралы объективті ақпараттар мен хабарламалардың ұйымдастырылуына дәнекер болып, осы үлкен шаруаның бір жағынан шығысып келеді. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Мәриям Әбішева бастаған Ақмола облысының кәсіпкерлер қауымдастығы 35 отбасын азық-түлік себетімен қамтамасыз етті және 5 аз қамтылған отбасын екі ай бойы азық-түлік, дәрі-дәрмек және киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін қамқорлыққа алды.
Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері облыс басшылығына өкпені жасанды желдету құрылғысы және оттегі концентраттарын сатып алуға 529 907,0 мың теңге сомасында қаржы бөлу жөнінде қолдау көрсетті. Қоғамдық кеңестің іс-тәжірибесінде мұндай мысалдар көптеп кездеседі және осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда. 2020 жылдың қыркүйегінде карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін Қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының негізгі тармақтарын толық құрамда талқылады, онда Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағынтай Елубаев модератор болды. Отырыста сөз алғандар Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды тұстары мен алда тұрған міндеттер жайында кең таратып айтып өтті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қоғамдық кеңес төралқасының отырысында «Ақмола облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушылар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Садықовпен табиғи монополияларды реттеу саласында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Ол да ортақ іске пайдасы тиетіндей, күн тәртібіндегі мәселені кең талқылау тұрғысында өрбіді. Осылайша облыстық Қоғамдық кеңес және жергілікті жерлердегі оның буындары өз жұмысында бүгінгі күннің алға қойып отырған міндеттерін барынша түсініп, шын мәнісінде атқарушы және өкілетті билік пен қоғам арасындағы өзінің байланыстырушылық, жұмылдырушылық рөлін жете атқарып келеді. Жыл басынан бергі тындырған жұмысымыз осыны жақсы көрсетіп отыр деген ойдамыз.

Сағынтай ЕЛУБАЕВ,
Ақмола облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru