ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді

11.12.2020

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының кезекті 52-ші сессиясына қатысып, депутаттардың жұмысына оң бағасын берді және аймақтағы жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылады.

Сессия отырысына облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Әсен Жақсылықов төрағалық етіп, оған мәслихат депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты, аудан әкімдері мен депутаттары қашықтықтан байланыста болды. Күн тәртібі бойынша ең алдымен, Ақмола облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндамасы тыңдалды.
Баяндамадан аңғарғанымыздай, бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға, яғни, білім беру, денсаулық, мәдениет, спорт, жол құрылысына бағытталып отыр. Әсіресе, ауылдардағы мектептердің мұғалімдеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаржы көлемі біршама өскен. Депутаттар басқарма басшысының баяндамасында келтірілген ұсыныстар бойынша тиісті шешімді бірауыздан қабылдады. Одан кейін облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов мәслихаттардың жыл бойы атқарған жұмысы туралы баяндап, әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясы белең ала бастаған тұста халық қалаулыларының денсаулық және білім саласы бойынша туындаған мәселелерге бейжай қарамай, қолдау көрсетіп, парасатты шешімдер қабылдағандарына ризашылығын білдірді. Үкіметтің қолдауымен жедел арада облыс орталығында бой көтерген жұқпалы аурулар орталығы соның жемісі.
Бұдан әрі депутаттар «Ақмола облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешімдерді қабылдады. Сессияның күн тәртібіне 8 мәселе бойынша ұсынылған шешімдер бірауыздан мақұлданды.
–Биылғы жыл еліміз бойынша күрделі болды. Наурыз айында облыс аумағында аты жаман індет – коронавирус пандемиясы тарала бастап, өмірімізге түрлі өзгерістер әкелді. Денсаулық сақтау, білім беру саласында көптеген ауыртпалықтар орын алды. Індеттің алғашқы толқыны ауыр өтсе де, Үкімет пен облыс халқының қолдауының арқасында екінші кезеңіне дайын болдық. Аз уақыттың ішінде ойымызда мүлде болмаған жұқпалы аурулар орталығы салынды. Ол 200 төсек-орынға арналған. Қазіргі таңда сол төсек орындардың 75 пайызы науқастармен қамтылған. Жалпы, коронавируспен күреске Үкіметтен біздің облысқа 20 миллиард теңге сомасында қаржы қарастырылды. Індет белең алғанда ПТР тестілеу күніне 200-300 сынақ өткізсе, қазіргі уақытта 2000 тесті ала алады. Сол тестілеудің құны алғашқыда 14 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болса, бүгінде депутаттардың белсенділігінің арқасында оны 8 мың теңгеге дейін төмендеттік, – деді облыс басшысы Ермек Маржықпаев сессияда сөйлеген сөзінде.
Бұдан әрі аймақ басшысы ағымдағы жылы облыс бойынша атқарылған жұмыстар мен іс-шараларға тоқталды. Соның ішінде пандемия кезіндегі облыстағы 555 мектептің ішінде 138-інің әлі де қашықтықтан білім беріп жатқандығын, осы күні үш ауысымды 13 мектептің барын, келесі жылы бесеуінде мәселе оң шешілетіндігін айтты. Көкшетау қаласы биылғы жылы құрылыстың қайнаған ордасына айналғаны белгілі. Жалпы, облыста астананың айналасындағы елді мекендерді дамыту үшін 25 миллиард теңге бөлінген. Осымен жетінші жыл қатарынан біздің облыстың даму рейтингі республика бойынша бірінші орында келе жатқандығы атап өтілді. Сондай-ақ, әкім Үкіметтен бөлінген қомақты қаржының игерілуі барысы бойынша аудан басшыларына ескерту жасады.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru