ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Мұрат Балпан - Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

15.01.2021

     А.ж. 15 қаңтарда жаңадан сайланған Ақмола облыстық мәслихатының жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өтті.

    Сессияның маңызды мәселелерінің бірі облыстық мәслихаттың жаңа хатшысын сайлау болды. М. Балпанның кандидатурасын барлық депутаттар бірауыздан қолдады.

    Мұрат Сағатұлы Балпан, 1970 жылы туған, жоғары білімді. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарын тергеу басқармасының, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, Бұланды ауданының әкімі, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімі болды.

    Сайлау қорытындысы бойынша Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов ақпарат берді.

    Руслан Шәріп Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.

    Руслан Шәріп Рүстемұлы, 1976 жылы туған, жоғары білімі бар, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін инженер-экономист біліктілігі бойынша, Қарағанды заң академиясын Заңтану бакалавры біліктілігі бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика ғылымдарының магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

    Тексеру комиссиясы мүшесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Мұратбек Тақамбаевтың өкілеттік мерзімі жаңа мерзімге ұзартылды.

    Жаңадан сайланған хатшыны аймақ басшысы Ермек Маржықпаев пен облыстық мәслихат депутаттары құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.


 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru