Ағымдағы жылдың 29 қазанында облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек облыс әкімі Қ.Айтмұхаметовтың төрағалығымен Көкшетау қ. Ш.Құсайынов атындағы Қазақ драма театрында өткен Ақмола облысының ҮЕҰ Форумына қатысты.
Форумға сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің, Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдері, облыстық мәслихат депуттаттары, мемлекеттік органдадыңр, үкіметтік емес сектор, кәсіподақ ұжымдарының өкілдері, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, облыстың аудандары мен қалаларынан делегациялар қатысты.
Форумда құттықтау сөзімен облыс әкімі Қ.Айтмұхаметов сөз сөйледі. Сонымен қатар баяндамалармен сөз сөйлегендер: Қазақстанның азаматтық альянсының вице-президенті А.Платонов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қоғамдық саяси жұмыс департаменті басқармасының басшысы Л. Раисова, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М.Киіков, БҚБО ҚБ «Жұлдыз» президенті Е.Дмитриенко, «Наше право» ҚБ төрайымы В.Шуль, «Нұр-Орда» төрайымы Н. Рукавцова.
Азаматтық қоғамды қалыптастыруға және өңірде демократиялық үдерістерді дамытуға үлкен үлес қосқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың басшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Форумға қатысушылардың назарына Ақмола облысының үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік бағдарламаларының көрмесі көрсетілді.
Іс-шараның пленарлық бөлімінің соңында облыстан ҚР VI Азаматтық Форумына делегаттарды сайлау өтті.