Ағымдағы жылдың 8 қарашасында облыстық мәслихаттың аппаратымен облыстық мәслихат депутаттары мен аудандық және қалалық мәслихаттар хатшыларымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті Жолдауын іске асыру аясында депутаттық корпустың мемлекеттілікті және қазақстандық демократияны әрі қарай нығайтудағы ролі және міндеттері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қайнарбеков А.Қ., Бурабай ауданының әкімі Нүркенов Н.Ж. қатысты.
Семинарды Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Н.Дьячек ашты. Семинарға қатысушылардың алдында құттықтау сөзбен аудан әкімі Нүркенов Н.Ж. сөз сөйледі.
Дәріс оқығандар:
- Қазкенов Қ.М. - «Нұр Отан» партиясының Астана қ. филиалының жанындағы Сараптау, болжау және әлеуметтік бастамалар отралығының басшысы «Қазақстан-2050 Стратегиясы» және «Нұр Отан» партиясының саяси Докторинасы» - мемлекет дамуының негізгі векторлары» баяндамасымен;
- Нышанбаев О.С. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының
орынбасары - «Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының өзгертулерін іске асырудағы негізгі аспекттер туралы»;
- Терентьева И.М. - «Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» әлеуметтік фондтың басшысы, Көкшетау қ. - «Қазіргі басшының психологиялық аспектілері»;
- Камелиденов Ж.Ш. - «Энтерпрайз» ЖШС директоры, Степногорск қ., облыстық мәслихаттың депутаты - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын Степногорск қаласында іске асыру туралы»
- Ыбыраева С.Л. - Ақмола облысы бойынша дін істері жөніндегі облыстық басқарманың басшысы - «Облыста діни ахуал, радикал және деструктивті ағымдар, тиым салынған діни ағымдар және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы туралы».
Семинар аяқталғаннан кейін шақырылғандар пікірлерімен алмасты. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін және депутаттық қызмет үшін керекті ақпарат алуға жәрдемдесетін дәріс оқығандардың сапалы баяндамаларын атап өтті.