Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Н.Дьячек облыс әкімі Қ.Айтмұхаметовтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыстың жұмысына мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Басқалармен бірге күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихаттың қоғамдық және этносаралық келісім сұрақтары жөніндегі партияаралық ынтымақтастық депутаттық тобының басшысы Е.Мащинская сөз сөйледі. Ол жиналғандарды жоғарыда аталған депутаттық топты құру мақсаттары және оның жұмысының нәтижелері жөнінде таныстырды.
Отырыстың соңында Кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстары және Кеңес төрағасы - облыс әкімінің тапсырмалары енгізілген шешім қабылданды.