2013 жылдың 10 қарашасында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Дастархан» ЖШС-ның директоры Е.Мащинская Екатеринбург қаласында өткен «Көсемдік және жаңартпалар XXI ғасырда: ертеңгі күнге көзқарас» Ресей-Қазақстан Жастар Форумына қатысты. Форум шеңберінде Евразиялық кеңістікте аспаздық аймағында дәстүрлерді, білімді және тәжірибені дамыту және дәріптеу жөнінде мүдделі тараптардың ынтымақтастық ниеттілігі туралы үш жақты Меморандумға қол қою өтті.
Осы меморандумға қол қоюдың мақсаты «Үлкен Евразиялық Университеттік Кешен» АКҰ қолдауымен Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының аспаздық Қауымдастықтарының арасында ынтымақтастықты кеңейту болды.
Осы меморандум өңірлік аспаздық мектептерін дамытуға, отандық және шетелдік көпшілікті тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесін таратуға, кәсіби фестивальдар, чемпионаттар, ұлттық тағамдар байқауларын, Ресей, Қазақстан және шет елдерде қайырымдылық акцияларын өткізуге, тамақтандыру саласы мамандарының делегацияларының шет елдерге олардың тағамдарын, заманауи технологиялар мен қызметтерімен танысуға, тәжірибе алмасуға және т.б. үшін ұйымдастыруға бағытталған бірқатар мақсаттарды айқындады.