Танысу мақсатында ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі күні облыстық мәслихаттың хатшысы Н.С.Дьячек Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінде болды.
Осы мекемеде Н.С.Дьячек колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты:
- сәндік-қолданбалы өнер;
- электрлік және элекр-механикалық жабдықтар;
- тамақ ұйымдастыру;
- токарь ісі мен металл өңдеу.
№1 құрылыс-техникалық колледжі облыстағы ең жақсылардың бірі болып саналады. Мамандарды дайындау экономика саласының үш бағыты бойынша жүргізіледі:
-
құрылыс;
-
қызмет көрсету саласы;
-
өнеркәсіп.
Оқушылар 100 пайыздық ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, сонымен қатар балалар үйінің түлектері түстен кейін де тамақтана алады.
Кездесу соңында хатшы педагогикалық ұжыммен әңгіме өткізіп, қызметтеріне табыс тіледі.