Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Красный Яр селосының № 2 техникалық лицейінде салауатты өмір салтына баулу, салт-дәстүрлерді жаңғырту, өсіп келе жатқан ұрпақты қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында облыстың аудандарының мен қалаларының мектеп оқушылары арасында ұлттық асық ойынының төрт түрінен: «Асық ату», «Үш табан», «Ханталапай» және «Бес асықтан» «Алтын сақа» жобасы бойынша облыстық турнир өткізілді.
Облыстық жарысты бірлесіп ұйымдастырушылар ретінде облыстық мәслихат, «Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, облыстық білім, ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар болды. Барлық жеңімпаздар дипломадар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық мәслихаттан жүлделерді сатып алуға демеушілік көмекті № 29 сайлау округынан облыстық мәслихаттың депутаты, «Нарол» ЖШС-ның директоры - Ысқақов Нартай Жұматайұлы көрсетті.