Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Н.Дьячектің төрайымдылығымен облыстық мәслихаттың депутаттары мен аппараты қатысқан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Президент Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттілікті құру мен дамытудағы ролі мен маңызы туралы» баяндамасымен Н.Дьячек сөз сөйледі.
Содан кейін депутаттар «Президенттің уақыт және өзі туралы толғаныстары» атты деректі фильмін көрді.
Фильм аяқталғаннан кейін депутат И.Жангуразов, С.Аяғанов және А.Исмағамбетов Президентпен кездесу жайлы әсерлерімен бөлісті.