Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Н.Дьячек «Нұр Отан» партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауды өткізді.
Қабылдауға 3 адам жазылды. Құрылысшылар қалашығының № 5 үйінің тұрғындары атынан зейнеткер Егорова Вера Ивановна үйлерінің жанында қойылған, оның сөзі бойынша осы үйдің тұрғындарының тыныштығын бұзатын гараждар, сатушы Шедловская Наталья Владиславовна «Көкше Жәрдем» МКК ШЖҚ-ға тиесілі отбасылық жатаханадан оны ұлымен заңсыз шығару мәселелерімен жолықты.
«Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» қоғамдық қорының төрайымы И.М. Терентьеваның қор қызметкерлерін Ресейдің Колуга қаласына халықаралық конференцияға жіберуге қаржылық қолдау көрсету мәселесін облыстық мәслихат хатшысы орында шешті, ал қалғандарын бақылауға алынды.