«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес облыстық мәслихат хатшысы Н.Дьячектің төрайымдылығымен 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы жөнінде жария тыңдаулар өткізілді
Жария тыңдауларға облыс әкімінің орынбасары Д.З. Әділбеков, облыстық және аудандық/қалалық мәслихаттар депутаттары, облыстық ведомстволар басшылары, үкіметтік емес мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Б.Б.Малғаждаров 2014-2016 жылдары облыстық бюджетке болжамалы түсімдер және шығындар жөнінде баяндады.
Тыңдаулар нәтижесі бойынша атқарушы органдарға облыстық бюджеттің жобасын айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескерумен аяқтап істеу ұсынылды. ҚР Бюджеттік Кодексінің талаптарына сәйкес облыстық бюджеттің аяқталып істелген жобасын облыстық мәсдихаттың тұрақты комиссияларының отырысына енгізіледі.