Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі күні облыстық мәслхаттың хатшысы Н.Дьячек Ақмола облысының саясаткер әйелдер Клубы мен әйелдер саяси көшбасшылық мектебінің өкілдеріне арналған «Дөңгелек үстелдің» жұмысына қатысты.
Алғашқы сөзді облыс әкімі Қожамжаров Қайрат Пернешұлы алып, қатысушыларды құттықтаудан бастады.
Әйелдер саяси көшбасшылық мектебінің басшысы Сауле Досанова баяндама жасап, саясаткер әйелдер Клубының мүшелері: «Феминисткая лига» ҚБ басшысы Галина Морозова, кәсіпкер Сәуле Мәкішева, Қазақ музыка-драма театрының диреторы Марал Жақыпқызы өз пікірлерін ортаға салды.
Отырыс соңында қатысушылардың айтылған пікірлері ескеріле отырып, ұсыныстар қабылданды.