«Степногорск мойынтірек зауыты» АҚ облыстың және республиканың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі болып табылады. Оны Томилов А.И. - Ақмола облыстық мәслихатының төрт шақырылымының депутаты басқарады.
Басшысының бастамасымен зауыт халықтың әртүрлі топтарына үлкен демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді.
Атап айтқанда, «Ризашылық» қайырымдылық акциясының шеңберінде зауыт 3 жыл бойы қамқорлық ететін Ақкөл балалар үйіне 100 мың теңгеге спорт жабдықтары (футбол, волейбол доптары, спорт сеткалары) сыйға берілді. Бұдан бұрын спорттық алаңның жанында балаларға киім шешетін орын және спорттық жабдықтардың қоймасы болып табылатын контейнер жасалды және орнатылды.
Жаңа жылға Ақкөл және Степногорск балалар үйлерінің балаларына 140 жаңажылдық сыйлықтар сатып алынады.
Қарттар күніне зауыт зейнеткерлеріне 840 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.