Танысу мақсатында ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі күні облыстық мәслихаттың хатшысы Н.С.Дьячек мәдениет басқармасының «Ақмола облыстық тарихи музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.
1920 жылы негізі қаланған Ақмола облысының тарихи музейі республиканың ең көне мәдени мекемелерінің бірі. Музей 1904 жылы салынған тарихи-архитектуралық ескерткіш ғимаратта орналасқан.
Музейде ғылыми-зерттеу бөлімдері қызмет атқарады: тарих, этнография, археология және табиғат, қор, экспозициялық әдістемелік және экскурсиялық-көпшілік, бұл бөлімдер ғылыми-зерттеу, жинақтау және ғылыми-ағартушылық жұмыстармен айналысады.
Музей қорында 77 мыңнан артық жәдігер сақталған, олардың бірегейлері экспозициялық залдарда көрсетілген.
Кездесу соңында Н. Дьячек ұжым қызметкерлеріне жаңа табыстар тіледі.