Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегі күні облыстық мәслихаттың хатшысы Н.С.Дьячек «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Бурабай ауданының екі тұрғыны мүгедек балаларға жәрдемақы төлеу жөніндегі мәселені көтерсе, Көкшетау қаласының тұрғыны тұрғын үй мәселесімен келіпті, Көкшетау-2 бекетінен зейнеткер су мәселесі және Красный Яр ауылының тұрғыны Қарттар күнінде зейнеткерлерді қолдау бойынша өтініш жасады.
Барлық сұрақтар бақылауға алынып, заңнамада белгіленген мерзімде өтініш берушілерге жауап берілетін болады.