2012 жылдың 1 қазаны күні облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек Көкшетау қаласында Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында өткен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.
Кәсіби мерекеге арналған жиналыста білім саласының бірқатар қызметкерлері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Н.Дьячектің құттықтау сөзінен кейін В. Быстрицкая, Т. Вавшко, Е. Гурский. А.Әмірина, А.Ермұханов Б.Молдажановаларға Ақмола облыстық мәслихатының «Құрметті грамотасы» тапсырылды.