ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссия

05.03.2014

Жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 5 наурызында депутат Людмила Багапованың төрайымдылығымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдардамасын жүзеге асыру барысы туралы» облыстық мәслихаттың 07.12.12 жылғы №5С-8-3 шешімін жүзеге асыру туралы» мәселесі қаралған облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың депутаты А.С. Ерденова жиналғандарды осы сұрақ жөнінде тұрақты комиссияның анықтамасымен таныстырып өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С.Е.Сәбитова 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасын өңірде жүзеге асыру туралы баяндады. Осылайша, Ақмола облысында профилактикалық шаралардың кешені мен емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін енгізудің нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың төмендеуі байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітім 22%-ға, туберкулезбен ауру 8%-ға, оның салдарынан өлім 41%-ға төмендеді.

2013 жылы туберкулез ауруынан сауыққан 123 науқастан 73-і жұмысқа орналастырылды.

Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуді әрі қарай ұлғайту мақсатында 2013 жылы медициналық ұймдардың жандарынан қосымша 12 мемлекеттік дәріхана пункттері ашылды (барлығы - 92). Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің шеңберінде тегін дәрі-дәрімекті беру 22 жеке дәріханалық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

2013 жылы Степногорск қ. инсульт орталығы ашылды. Көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін ағымдағы жылы бұл орталықты заманауи жабдықтармен жабдықтау жоспарланып отыр.

Көкшетау қаласында бір ауысымда 500 келуге арналған жаңа емхана жұмыс істей бастады. Бұл орталық қалалық емхана жұмысын жеңілдетуге және облыс орталығы тұрғындары үшін медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Ақмол а. аудандық емхана салынды. Бурабай аудандық аурухананың жанында травматология профилінде 20 койка ашылды. Аккөл және Атбасар аудандық ауруханалардың жандарынан да олардың ашылуы жоспарланған.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде облыстың медициналық ұйымдарының медициналық жабдықтармен жабдықталуы 46,6%-дан 50,2%-ға артты.

Дәрігер кадрларының тапшылығын төмендету үшін денсаулық сақтау саласында Кадрларды іріктеудің әдістерін жетілдіру бағдарламасы бойынша 2013 жылы 125 дәрігер (соның ішінде 102 жас маман) тартылды.

Медициналық ұйымдардың кадр әлеуетін нығайту жөніндегі өткізілетін іс-шараларға қарамастан, облыста 239 санында дәрігер кадрларының жетіспеушілігі сақталады. Кадрлердің жетіспеушілігі Атбасар - 24, Бұланды - 17, Бурабай - 9, Жақсы - 9, Шортанды -10 аудандарында қатты сезіледі.

Қарастырылған мәселе бойынша пікірталаста Аршалы және Есіл аудандары әкімдерінің орынбасарлары - А.Е. Мысырәлімова және С.Қ. Ағымбаева, сондай-ақ Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері - Е.С. Құрманов сөз сөйледі.

Отырыстың соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек сөз сөйледі.

Отырыстың нәтижесі бойынша тиісті қаулы қабылданды.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru