ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Аграрлық мәселелер және индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

19.03.2014

Ағымдағы жылдың 19 наурызында жұмыс жоспарына сәйкес депутат Нартай Ысқақовтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда «Көкшетау қаласында және Бұланды ауданында индустриялық-инновациялық дамудың жағдайы және перспективалары туралы» мәселесі қаралды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Қ.Баймышев жиналғандарды тұрақты комиссияның осы мәселе жөніндегі анықтамасымен таныстырды.

 Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялдық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы осы мәселені әзірлеу және зерделеу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аумақтық филиалы, Ақмола облысының кәсіпкерлер бірлестігімен бірге Көкшетау қ. Және Бұланды ауданының бірқатар объектілеріне баруды ұйымдастырды, онда олар өңірлерде Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және «Бизнестің жол картасы 2020» және ҮИИДМБ мемлекеттік бағдарламалары бойынша проблемалық мәселелермен танысты.

Көкшетау қ. төрт объектінің қызметі зерделенді:

1.     «Два кита» ЖШС;

2.     «Тыныс» АҚ;

3.     «Агример-Астық» ЖШС;

4.     «Асад компани» ЖШС;

Бұланды ауданы бойынша:

1.     «Bastau» ЖШС;

2.     POLITERM

3.     «KVARTA-KSI» ЖШС;

4.     «Trans Mash LTD» ЖШС;

5.     «Фирма «Нанар» ЖШС;

6.     «ХПП Арна» ЖШС;

7.     «Сарытомар» ЖШС;

Мемлекеттің стратегиялық маңызы бар құжат - ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын облыста жүзеге асыру аса бақылауға алынған.

Өкілді және атқарушы органдармен, бизнес-құрылымдарының өкілдерімен осы өңірлерде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру юойынша айтарлықтай жұмыс атқарылуда.

Сараптаудың нәтижесі 2014 жылдың 1 қаңтарына Ақмола облысының индустрияландыру картасы жалпы сомасы 710,3 млрд. теңге, 30 мың тұрақты жұмыс орындарын құрумен 54 жобаны қамтиды, соның ішінде Республикалық индустрияландыру картасының 2 жобасы да бар. Жобалардың ең үлкен үлесі ауыл шаруашылыққа және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге (27 немесе 49%), содан кейін өнеркәсіпке (10 немесе 19%), құрылыс индустриясына (10 немесе 18%), энергеикаға (3 немесе 6%), машина жасауға (2 немесе 4%), металлургияға (1 немесе 2%) және туризмге (1 немесе 2%) тиесілі.

Олардың ішінде Көкшетау қ. және Бұланды ауданында индустрияландыру картасының шеңберінде жалпы инвестициялар соммасы 8 млрд. 546 млн. теңгеге тиісінше 8 және 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» өңірлерде 2010 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Жүзеге асыру кезеңінде (2010-2013 жылдар) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесімен Көкшетау қаласы бойынша 18 млрд. 433 млн. 360 мың теңге сомасына 89 сұраным мақұлданды. Соның ішінде 2013 жылы 5 млрд. 137 млн. 480 мың. теңгеге 31 сұраным мақұлданды.

Бұланды ауданы бойынша 2010-2013 жылдар кезеңінде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың шеңберінде 2 млрд 741 млн. теңге сомасына сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Қаралған сұрақ бойынша пікірталаста Көкшетау қ. және Бұланды ауданы әкімдерінің орынбасарлары - А.Б. Омарова және О.К.Смағұлов, сонымен қатар Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аумақтық филиалының директоры Е.Е.Баяхметов сөз сөйледі.

Комиссия отырысының аяғында облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек және облыс әкімінің орынбасары А.Қайнарбеков сөз сөйледі.

Отырыстың нәтижелері бойынша тиісті қаулы қабылданды.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru