А.ж. 27 наурызында облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячектің төрайымдылығымен күн тәртібі мәселелері талқыланған кезекті 23-і сессияның депутат сағаты өтті. Депутат сағатының жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары Р.Әкімов және А.Қайнарбеков, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бірқатар облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақмола облысының Степногорск қаласы және Степногорск қаласының әкімшілік шекарасындағы елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» мәселесі бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы А.Қадыралина сөз сөйледі.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамдарындағы өзгертулермен байланысты мәселелер жөнінде облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ә.Шаяхметов баяндады.
Сонымен қатар депутаттардың қарауына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Қалжановтың облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарының егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпараты енгізілді.
Барлық қаралған сұрақтар депутаттармен талқыланды және алдағы сессияның қарауына енгізілді.