Ақмола облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 27 наурызында депутат Г.Осиненконың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті, онда «Ақмола облысында автомобиль жолдарының жағдайы және оларды ұстауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы облыстық мәслихаттың III сессиясының шешімін жүзеге асыру барысы туралы» мәселесі қаралды.
Отырысытың жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек, облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Әкімов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Мұратұлы, БАҚ өкілдері қатысты.
Қарстырылған мәселе жөніндегі анықтамамен облыстық мәслихаттың депутаты С.Зиборов сөз сөйледі.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Мұратұлы 2012 жылғы 29 наурыздағы облыстық мәслихаттың III сессиясының шешімін жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Депутаттар жолдарды салу, жөндеу және ұстаумен, әсіресе қысқы кезеңде, байланысты көптеген сұрақтар қойды. Бөлек мәселелерді шешу бақылауға алынды.
Отырыстың нәтижесі бойынша тиісті қаулы қабылданды.