ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Депутаттық топтың отырысына қатысу

28.03.2014

 

2014 жылдың 28 наурызында Астана қаласында Төрағаның орынбасары, ҚХА Секретариатының меңгерушісі Е.Л.Тұғжанова, «Ақ жол» және «Қазақстан Коммунистік халық партиясы» саяси партияларының басшылары, өңірлік мәслихаттардың депутаттық топтарының қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» депутаттық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақ жол» және «Қазақстан Коммунистік халық партиясы» саяси партияларымен ынтымақтастығы туралы Меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастық тәжірибесін тарату туралы» Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланды.

«Достық» депутаттық тобының жұмыс тәжірибесімен топтың жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы депутаттық топтың мүшесі Елена Ивановна Мащинская таныстырды.

Қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Елена Мащинская Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

Депутаттық топтың отырысының барысында ұлттық бірлікті, этникааралық толеранттылықты және қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі тәжірибелік жұмыстың нысандары мен әдістері туралы пікір алмасу өтті.

Депутаттық топтың кеңейтілген отырысының нәтижесі бойынша шешім қабылданды.  

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru