Биылғы жылдың көктемі облысымыздың көптеген өңірлеріне үлкен жағымсыз жағдайларды туғызды. Облысытың 6 ауданында көктемгі тасқын мен елді мекендерді су басуға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Атбасар қаласында 500-ден астам үйді су басып, олардың үштен бір бөлігі қайта қалыпқа келтіруге жарамсыз деп танылды. Зардап шеккен тұрғындарға тұрғын үй сатып алуға және әлеуметтік көмек қажет.
Осыған орай облыс басшылығымен су басудың зардабын жою және зардап шеккен Атбасар қаласының тұрғындарына көмек көрсету бойынша шаралар қолдануда. Ұйымдар, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан қаражат түсетін арнайы қор ұйымдастырылды. Осылайша, қазіргі кезде шотқа 13 млн. теңгеден астам қаражат түсті.
Бұл қайғыға көршілес облыстардың барлығы қол ұшын беруде. Атбасар ауданына азық-түлік, бірінші кезекте қажет тауарлар, құрылыс материалдары бар жүк көліктері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарынан келді.
Соңғы облыстық мәслихаттың 24-ші кезектен тыс сессиясында депутаттар су басудың зардабын жоюға мүмкіндіктерінше көмек көрсетуге бір ауыздан шешім қабылдады.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек және депутат М. Мейрамов пен А.Тайшытаев а.ж. 17 сәуірінде Атбасар қаласына барып, қала тұрғындарымен кездесіп, жөндеу мен қайта қалпына келтіруді қажет ететін объектілерді, сондай-ақ зардап шеккендерді орналастыру жоспарланған Агротехникалық колледждің жатақанасы мен қайырымдылық көмек көрсетілетін орындарды аралады.
Су басудың зардаптарын жою облыс пен өңірдің атқарушы мен өкілді органдарының тұрақты бақылауында болады.