Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек облыс әкімі Қ.Айтмұхаметовтің төрағалығымен «Көкшетау» МС-да өткен АӨК қызметкерлерімен көктемгі егіс жұмыстары мәселелері жөніндегі облыстық кеңеске қатысты.
Кеңеске сонымен қатар қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, ауылшаруашылық кәсіпорындары мен облыстық басқармалар және ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Кеңестің алдында қатысушыларға ауыл шаруашылық техникалары көрсетілді: тракторлар, тұқымсепкіштер, сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылық агрегаттар. Негізгі баяндамамен облыс әкімінің бірінші орынбасары Рашит Қайыржанұлы Әкімов сөз сөйледі.
Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игерудің 60-жылдығын тойлау жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің алдында уақытында және тиісті агротехникалық деңгейде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу мақсаты тұр.
Биылғы жылы егістік жерлерінің көлемі 5 млн. га құрады. Дәнді және бұршақты дақылдарды отырғызуды 20 жұмыс күннің ішінде өткізу жоспарланған. Егістікте орташа тәуіліктік өнімділік 210 мың га-дан кем болмайды, бұл былтырғы деңгейден 30 мың га-ға жоғары. Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға ағымдағы жылы 9,6 млрд. теңге бөлінді. Субсидиялардың көрсеткіші отандық препараттар бойынша 50%-ды және шетелдік - 30%-ды құрайды. Тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 379,3 млн. теңге бөлінді, бұл 25 мың тоннаға дейін дегдарлы тұқымдарды субсидиялауға мүмкіндік береді. Облыстық кеңеске қатысушылармен сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасының егістік жұмыстарына дайындығы мәселесі қаралды. Аймақ басшысы кеңес барысында атап өткендей, егіс науқанына жалпы арнайы техниканың 29 мың бірлігі қатысады. Кеңес қатысушыларына айтқан сөзінде, облыс басшысы ең бірінші кезекте техниканы жөндеуді аяқтауды, тұқымды егуге әзірлеуді, зиянкестерге қарсы күресті уақытында өткізу керектігін атап өтті.
Жалпы, облыстық АӨК көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде өткізетініне сенім бар.