1 мамыр күні Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Н.Дьячек Көкшетау қ. «Тәуелсіздік» алаңында өткен Қазақстан халқы бірлігінің күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Мереке мектеп жасындағы 300-ден астам балалар мен «Юность» педагогикалық отряды қатысқан «Әлем балалар көзімен» атты балалардың асфальтта салған суреттерінің байқауымен басталды.
Облыс орталығы тұрғындарының алдында облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов құттықтау сөзімен сөз сөйледі.
Облыс отралығының тұрғындары киіз үйден және 11 этноүйден тұратын этноауылды аралады.
Әр этноүйде ұлттық қолөнер, тұрмыс заттары көрсетілген көрме алаңдары ұйымдастырылды және аймақта тұратын этностардың мәдениеттері, тұрмыстары, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілді.
Қалалық саябақтың орталық аллеясында Көкшетау қаласының көркем-сурет мектебінің және ЖОО-лардың күшімен «Достық көшесі» ұйымдастырылды.
Мереке облыс орталығының этномәдени бірлестіктері мен облыстық, қалалық, аудандық мәдениет үйлерінің көркем өнерпаздық ұйымдарымен ұйымдастырылған театрлық ойын-сауық және мерекелік концертпен жалғасты.