Жеңіс күнінің қарсаңында 6 мамыр күні Көкшетау қаласының «Дәстүр» мейрамханасында облыс әкімімен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға облысымыздың барлық аумақтарының ардагерлері қатысты.
Құттықтау сөздерімен облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек, «ҚР Ардагерлерінің ұйымы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Чапай Әбуталипов сөз сөйледі.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін ветерандарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, іс-шараға қатысушылар естелік силықтармен марапатталды.