Ағымдағы жылдың 7 мамырында «Тәуелсіздік» алаңында Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери шеруінің тікелей трансляциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек, облыс әкімі Қ.Айтмұхаметов, ҚР ТЖМ КТИ курсанттары, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері, Көкшетау қ. мектептерінің оқушылары және колледждер мен мектептердің әскери-патриоттық клубтары қатысты.
Ақмолалықтарды осы ерекше мерекемен облыс әкімі Қ.Қ. Айтмұхаметов құттықтады. Содан кейін, ҰОС ардагерлері, Ауғаныстандағы соғыс қимылдарына қатысқандар мен бірқатар қазіргі офицерлер медальдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шаралар Ақмола облысының дарынды ұжымдары мен артистері қатысқан концерттік бағдарламамен аяқталды.
9 мамыр күні Көкшетауда Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мереке дәстүр бойынша «Мәңгілік от» мемориалының жанынан басталды. Осы жерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен бірге мыңдаған көкшетаулықтар келді.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек, облыс әкімі Қ. Айтмұхаметов, сенатор Ж.Ерғалиев және басқа да ресми тұлғалар мемориалға гүл шоқтарын қойып, бүгінгі ашық аспанымыз бен тыныштығымызға біз борышты адамдарға бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.
Жиналғандардың алдында сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысушы Дериглазов Николай Яковлевич, Ұлы Отан соғысы ардагерінің немересі, 5510 әскери бөлімшесі командирінің орынбасары Балтабаев Кенжеболат Елубайұлы сөз сөйледі.
Іс-шаралар «Жүрекке нұрын төккен Жеңіс күні» атты театралдық қойылым өткен және ардагерлерге дәстүрлі далалық-әскери асхана ұйымдастырылған «Тәуелсіздік» алаңында жалғасты.