Ағымдағы жылдың 30 қазаны күні облыстық мәслихаттың хатшысы Н.С.Дьячек облыстық орыс драма театрының 35 жылдығына арналған салтанатты мерекесіне қатысып, облыс әкімінің атынан құттықтау сөз сөйледі.
Осы жылдар ішінде қазақ, орыс, шетел классикаларының пьесалары бойынша 200-ден астам спекталь қойылған. Театр қойылымдары бірнеше рет республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты атағын алған.
Театрда қойылатын «Ромео и Джульетта», «Страсти по Христу» және «Чингисхан» сияқты рок-опералар жоғары бағалануда.
Театрдың бас режиссері О.Б.Луцивая, жоғары санаттағы актер А.В.Красноштанов және цех меңгерушісі Е.И.Волковқа алғыс хат тапсырылды.