Ағымдағы жылдың 7 желтоқсаны күні Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы болып өтті, онда келесі сұрақтар қаралды:
1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы».
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың «2011-2015 жылдарға арналған саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Ақмола облысында орындалу барысы туралы.
3. Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы №4С-29-7 «Ақмола облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
4. Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын көтеру туралы.
5. Ақмола облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы.
6. Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы.
7. Ақмола облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жас көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы.
8. Ақмола облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету Ережесін бекіту туралы.
9. Ауылды елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отынға шығындарын өтеу мөлшерін белгілеу туралы.
10. Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының,) Құрметті азаматы» атағын беру Ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
11. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кейбір консультативтік-кеңестік органдардың құрамдарына өзгерістерді бекіту және енгізу туралы.
12. Аппараттың штаты мен құрамын, облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету және 2013 жылы оның аппаратын ұстау шығындарын бекіту туралы.
13. Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
14. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі сұрақ туралы.
15. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Сессияның жұмысына облыс әкімі Қ.Қожамжаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Жалмағамбетова, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылары, қалалар мен аудандарының әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстваларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.