ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық мәслихат хатшысының жұмыс сапары

03.07.2014

 

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен Ақкөл ауданында болды.

 

Сапар кезінде ол «Ақкөл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің жанындағы «Ақкөл-2014» бассейні» МКК жүзу бассейнін, «Мир» шағын базарын, Кеңес негізгі мектебін, №2 Ақкөл орта мектебін, Ақкөл балалар үйін аралады.

 

«Ақкөл-2014» бассейні» МКК 2014 пайдалануға берілді. Штаттық бірліктер мен спорттық жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл объектінің басшылығымен кездесу кезінде қаржыландыру мәселесі көтерілді.

 

«Мир» шағын базары биыл пайдалануға берілді. Ғимарат, оның сыртқы және ішкі жасалуы қазіргі талаптарға сай келеді.

 

Кеңес негізгі мектебі биыл өзінің 90-жылдығын атап өтті, осыған орай аудан деңгейінде іс-шара өткізілді.

 

Н.Дьячекпен кездесуге мектептің ардагерлері мен қызметкерлері шақырылды. Кездесу барысында Кенес негізгі мектебіне орта мектеп мәртебесін беру туралы ортақ пікір айтылды.

 

Сонымен қатар, ауылдық Мәдениет үйінің жұмысын жандандыру мәселесі көтерілді. Оның ғимараты осы уақытқа дейін сақталып келді, бірақ жұмыс істемеген.

 

№2 Ақкөл орта мектебін аралау кезінде бұл мектеп жаңа оқу жылына толық дайын екендігі аталып өтті.

 

Ақкөл балалар үйі Ақкөл қаласының шетінде орманды жерде орналасқан. Балалар үйінде қажетті жиһаз, оқу бөлмелері, тәрбиеленушілер тұратын бөлмелер, асхана, спорт залдарымен жабдықталған үш қабатты ғимараты бар.

 

Кездесу барысында Н.Дьячек балалар үйінің тәрбиеленушілеріне естелік сыйлық (цифрлық фотоаппарат) және 240 дана балмұздақ ұсынылды.

 

Жұмыс сапары кезінде Н.Дьячекпен бірге Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Салыбекова және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты В.Симчук болды.

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru