ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жақсы нәтижелік үшін әрекеттестік шаралары

04.07.2014

 

 

Тәжірибемен алмасу, №8 сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты Аман Ақылбайұлы Ермұхановтың жұмысының түрі мен тәсілдерін зерделеу мақсатында Капитоновка селосында жоғары ұйымдастырушылық деңгейде «Өкілетті және атқарушы органдардың әрекеттестігі және депутаттардың қоғамдық бірлестіктермен жұмысы» атты семинар өтті. Семинардың жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы Арман Мүмкінұлы Данияров, селолық және ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың аппараты қатысты.

 

Семинарға қатысушылар «Журавлевка-1» ЖШС-ның жан-жақты тазартқыш кешенінде болып, бірлестіктің темір ұста цехі, қазандықтың жұмыстарымен танысты.

 

Бұдан кейін семинарға қатысушылар селоның әлеуметтік объектілерінде, Капитоновка орта мектебінде, селоның стадионында, Капитоновка селолық округы әкімінің аппараты орналасқан «Журавлевка-1» ЖШС-ның кеңсесінде, полиция пунктінде, пошта байланыс орталығында болды.

 

Семинар жұмысын аудандық мәслихаттың хатшысы Ш. Құсайынов ашқан толық мәжіліс жалғастырды.

 

Шахман Байдүйсенұлы бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың жұмысы туралы айтып, шақырылымның жұмысы кезінде аудан үшін маңызды мәселелер қаралған 11 кезекті және 18 кезектен тыс сессиялар, 20 тұрақты комиссиялардың отырыстары өткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы атап өткендей, депутаттарға азаматтардың өтініштері мен арыздарын уақытында қарау, тиісті органдарға сауал мен хаттарды дер кезінде жіберу бойынша жұмысты жандандыру қажет.

 

Семинарға қатысущылардың алдында құттықтау сөзбен және ауылдық округ туралы ақпаратпен Капитоновка ауылдық округінің әкімі К. Батталова сөз сөйледі.

 

Депутаттық міндеттер, депутаттық өкілеттіктің шеңберінде өткізіліп келе жатқан жұмыс туралы депутат Аман Ақылбайұлы Ермұханов баяндады.

 

5 шақырым депутаттарының кейбір мәселелер жөніндегі жұмысы туралы ақпаратпен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Александр Иванович Бежин сөз сөйледі.

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru