ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссия

29.07.2014

 

Жұмыс жоспарына сәйкес ү.ж. 29 шілдеде депутат Людмила Багапованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік меселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы болып өтті, онда «Халықтың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріндегі діни істері бойынша басқарманың ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру туралы» мәселе қарастырылды.  

Комиссия жұмысына облыстық мәслихат хатшысының м.а. Серік Аяғанов, облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімдерінің орынбасарлары және бірқатар облыстық басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия төрағасының орынбасары Елена Мащинская қатысушыларды аталған мәселе бойынша тұрақты комиссияның анықтамасымен таныстырды.  

Облыстық діни істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбраеваның есебі тыңдалды. Бурабай ауданында орналасқан (Ұлттық қорғаныс университеті, кадет корпусы) Қорғаныс министрлігінің оқу орындарымен басқарманың АНЖ мүшелерімен ынтымақтастығы үш жыл бойына жалғасып келе жатқанын есептен байқауға болады. Тек үстіміздегі жылғы наурыз айында жоғарыда көрсетілген мекемелердің 500-ден астам адамы «Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары», «Діни экстремизм - Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп» тақырыптарына дәрістер тыңдады.   

Ақмола облысының конфессиялық алаңы 202 діни бірлестікпен (ДБ) ұсынылған, оның ішінде 192-і әділет органдарында тіркелген (оның ішінде ислам дінін ұстанушылар - 108, православие діні - 29, католикалық - 11, протестанттық - 43, «Бахаи» дәстүрден тыс дін - 1); 10 «Евангель христиандары-баптисттер» тіркелмеген қауымдастық.

Облыста уағыз айту қызметін 56 миссионер жүзеге асырады. Олардың арасында: 12 адам Польшадан, 7 адам Италиядан, 29 адам Қазақстаннан, 2 адам Германиядан, 2 адам Украинадан, 3 адам Ресейден, 1 адам Словакиядан.

Көкшетау қаласында - 15 миссионер, Аршалы ауданында - 3,  Астрахан ауданында - 1, Атбасар ауданында - 6, Бұланды ауданында - 3, Бурабай ауданында - 19, Шортанды ауданында - 9 адам.

Әрине, АНЖ қызметінің саласында бірқатар проблемалар әлі де бар. Бірінші кезекте, дайындалған теологтар мен дінтанушылардың жетіспеушілік проблемасы өзекті болып тұр. Сонымен қатар, АНЖ ұйымдастыру барысында мақсатты аудиториялармен жұмыс жүргізуге баса назар аударылады, олардың арасында  қазіргі уақытта діннің дәстүрден тыс формаларын ұстанушылардың өсуі байқалады, мысалы: жұмыссыз жастар, халықтың аз қамтылған қатарының өкілдері, дәстүрден тыс дінді насихаттаушылардың тікелей қоршауы.  

Ауылдық елді мекендерде осы проблемаларды шешу үшін орындарда ішкі саясат бөлімдерінің діни мәселелері бойынша мамандармен (мүмкін КММ ретінде) толықтыру, насихат жұмыстарына бюджеттен қаражат бөлу қажет.  

Қарастырылып жатқан мәселе бойынша пікірталаста Есіл ауданы әкімінің орынбасары  С.Ағымбаева, Целиноград ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы  Ж.Байділдина сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru