Ағымдағы жылдың 6 шілдесі депутат Л.Багапованың төрағалығымен бесінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті, онда «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы» сұрақ қаралды.
Осы сұрақ бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының төрағасы - Мұратбек Оспанов сөз сөйлеп, облыс әкімінің бірінші орынбасары - Рашит Әкімовтың кандидатурасын ұсынды.
Рашит Әкімовтың кандидатурасын қолдап депутаттар: А.Куликов, С.Әшебеков және Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин сөз сөйледі.
Сессияның жұмысына облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен ведомстваларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қаралған сұрақ бойынша сәйкес шешім қабылданды.