ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Депутаттардың орындарға барып жұмыс істеуі

13.08.2014

Ақкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы тұңғыш рет № 11 сайлау округінің аумағында орынға барып отырыс өткізді. Күн тәртібі аудан аумағында жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру мәселесі болды. Ол үшін мәслихат депутаттары Новорыбинка селосына аттанды, онда село көшелерін тиісті қалыпқа келтіруге бағытталған істің мәнімен, қолданылған шаралармен танысты, сондай-ақ абаттандыру проблемаларын да қамтыды.

Комиссия жұмысына аудандық мәслихат хатшысы Д.Т.Салыбекова, ауданның жұмыспен қамту орталығының басшысы Б.Х.Ташенова қатысты.

Аталған округтің депутаты Мизина Надежда Яковлевна қонақтарды әлеуметтік маңызы бар объектілермен, сонымен қатар жергілікті Мәдениет үйімен және оның жөндеу барысымен таныстырды. Ауыл тұрғындарына арналған аталған демалыс объектісі негізгілердің біріне жатады, сондықтан оны тиісті қалпына келтіру мәселесі өте өзекті.

Отырыс барысында шешілмеген мәселелер қатары: ойын алаңының құрылысы, спорт залға жөндеу жүргізу, Новорыбинское мектеп-бақшасына күрделі жөндеу жүргізу, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, су құбыры желілеріне жөндеу жүргізу, жаңа бала-бақшаның құрылысы, саябақты абаттандыру, Колутон өзенінің арнасын тазалау сияқты мәселелер белгіленді.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қарастырылды.

Комиссия отырысының қорытындысын шығара келе, аудандық мәслихат хатшысы Д.Т.Салыбекова сөз сөйледі, ол ауылда жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың, ауыл өмірінің деңгейін арттыруға оң әсер ететін жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын атап кетті.

Ауылдың аталған тұрғыдан дамуы Ақкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, заңдылық, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы үшін өзекті болып табылады, сондықтан комиссия жылжымалы отырыстарды өткізу тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Отырыс аяқталған соң округ тұрғындары мен мәслихат депутаттары депутат Н.Я. Мизинаға және округ әкіміне жұмыста бабыс және округті одан әрі дамытуда жоспарларды жүзеге асыруға тілектерін білдірді.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru