2014 жылғы 5 тамызда бесінші шақырылған аудандық мәслихаттың 34-ші сессиясы болды. Сессияда аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов, № 7 сайлау округінен депутат Валентина Григорьевна Быстрицкая және «Фермер-2002» ЖШС-тің директоры Валерий Александрович Пельцер сөз сөйледі.
«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының атынан аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары кезекті отыз төртінші сессияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидатты ұсыну туралы мәселені енгізулерін сұрап өтініш жасады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидатты ұсыну туралы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының төрағасы Анатолий Викторович Мальковқа сөз берілді.
Сессияның алдында депутаттық фракция өтті. «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мәжілісінде, депутаттар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары - Рашит Қайыржанұлы Әкімовтың кандидатурасын ұсынды. Кандидатураны толығынан қолдап, қабылдады. Оның мінездемесімен, жұмыс орнымен танысты. Депутаттар және депутаттық фракция Рашит Қайыржанұлы Әкімовтың кандидатурасын қолдады. Осы мәселе бойынша № 6 сайлау округінен депутат Нұрмұхамбет Айтқожаұлы Сембаев сөз сөйледі. Сессия төрағасы шешімнің жобасын жариялады. Депутаттар бұл шешімге бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар сессияда басқа да мәселелер қаралды.