ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысынан

19.08.2014

«2010-2014  жылдарға арналған  Қазақстан Республикасының  үдемелі индустриялды-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы»

Үстіміздегі жылдың 8 тамызында депутат Қ.Ә.Ақшаловтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер  және индустриялды-инновациялық  даму жөнінде тұрақты комиссияның отырысы өткізіліп, онда аудандық мәслихаттың депутаттары,  кейбір дербес бөлімдердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Тұрақты комиссияның  жұмыс жоспарына сәйкес  күн тәртібі бойынша «Үдемелі индустриялды- инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік  бағдарламаны және  әлеуметтік сала,  тұрғын үй,  коммуналдық инфрақұрылым және аудан халқын сумен жабдықтау объектілерінің  құрылысы бойынша  инвестициялық  жобаларды жүзеге асыру жөніндегі  шаралар туралы» мәселесі жөнінде атқарылған жұмыстары туралы ақпараттарын «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.В.Рысьева және «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Т.А.Сытник баяндады.

Осылайша, Шортанды ауданынан Ақмола облысының индустрияландыру Картасына үш жоба қосылған: агроөнеркәсіп кешеніне 1 217 млн.теңге  сомасында  2 жоба жүзеге асуда, біреуі - жеңіл өнеркәсіп - 162 млн.теңге  сомасына.

2014 жылдың 1 маусымына жалпы құны 1,3 млрд. теңге құрайтын 3 жоба жұмыс істеуге қосылды, 172 тұрақты жұмыс орны құрылды:

1. «Төңкеріс» НӨК - диірмен кешенінің құрылысы (Төңкеріс станциясында 2010 жылдың желтоқсанынан бастап жұмыс істей бастаған,  қуаттылығы 42 мың тонна, құны 195 млн.теңге, 18 тұрақты жұмыс орны құрылды);

2.  «Даржан Групп» ЖШС- диірмен кешенінің құрылысы (Шортанды кентінде 2011 жылдың  қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған,  қуаттылығы - 42 мың тонналы, құны - 1 022 млн.теңге, 50  тұрақты жұмыс орны құрылған).

3. «Полимер Пласт» ЖШС жылына 1500 тонна  өнім шығаратын полиэтиленді  өнімін өндіру ұйымы (Шортанды кентінде 2014 жылдың 1 жарты жылдығынан бастап жұмыс істей бастаған, қуаттылығы - 1 500 тонна, құны - 162 млн.теңге, құрылыс кезінде 25  жұмыс орны,  жұмыс істеу кезінде 37  жұмыс орны құрылған).   

Үстіміздегі жылдың екінші жартысында Ақмола облысының  индустрияландыру Картасына қосылу үшін төрт жобаға өтінім келіп түскен:

1. «Центрпласт НС» ЖШС - алюминий профиль өндірісі жөніндегі зауыт құрылысы;

2. «Центрпласт НС» ЖШС - металсендвич панелдер өндірісі жөніндегі зауыт құрылысы;

3. «Казглютен және КО» ЖШС - астықты тереңдетіп өндеу жөніндегі зауыт құрылысы;

4. «Казсалт және КО» ЖШС - тұзды тереңдетіп өңдеу жөніндегі зауыт құрылысы.

Үстіміздегі жылы тек қана әлеуметтік саладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға  республикалық және облыстық бюджеттен 567 919 мың теңге  бөлінген, олар Шортанды кентіндегі 36- пәтерлі үйдің құрылысын аяқтауға, Шортанды кентінде шомылу хауызының құрылысын бастауға, Бозайғыр ауылында (2 кезек)  тұрғын үй учаскелерінің бөлінген қоршауларына дейін  су құбыры желілері мен құрылысы және  су тартуды қайта құруға, Шортанды кентінде (екінші кезек) су құбыры желілері мен құрылысы және  су тартуды қайта құруға, Раевка және Новоселовка ауылдарында құрылысы мен  су құбыры желілерін қайта құруға.

Сонымен қатар, индустриялды-инновациялық дамуды жүзеге асыру барысында туындаған кейбір мәселелерді депутаттар назардан тыс қалдырмады. Объектілердің барлығы да бірдей жобалы қуаттылыққа шыққан жоқ, осылайша  қазіргі уақытта  жылына 43,2 мың тонна  өнім шығаратын «Даржан Групп» диірмен кешені  шикізат болмағандықтан тоқтап тұр.

 Аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік субъектілердің   инвестициялық  жобаларды тарту бойынша «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ  ауданның басқа да  дербес бөлімдерімен және округ әкімдерінің бірлескен жұмыстары  тиісті деңгейде тұрған жоқ.

Аймақтың индустрияландыру Картасына қосу кезінде көбінесе құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі  жобаларының дұрыс екендігі ой тудырады.   Ауданның басқа  салалары баяу дамуда. Аудан экономкасының аграрлық секторына жататындығына байланысты экономиканың осы секторындағы  шикізаттарды  өңдеуді белсенділету қажет.

Халық қалаулары экономикалық әлеуеттің тиімді аумақтық ұйымы негізінде экономикалық өсудің орталығын қалыптастыруды мүмкіндігінше ауданның басқа да елді мекендерінде инвестжобаларын орналасыруға инвесторларды бағыттау қажеттігін ұсынды.

Талқылау қортындысынан кейін тұрақты комиссиямен  ауданның кәсіпкерлік бөліміне ұсынылған қаулы қабылданды:

- 2010-2014  жылдарға арналған  Қазақстан Республикасының  үдемелі индустриялды-инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарламада көзделген мақсаттар мен міндеттерге  қол жеткізу бойынша жұмыстарды жалғастырсын;

- аудан экономикасының өндірушілігін және  бәсекеге қабылеттілігін  арттыру, қазақстандық өнімдерді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастырсын;

- аудан экономикасына бизнестің ахуалын жақсартуға және инвестицияны ынталандыруға шоғырланған  экономикалық саясатта  жүйелі шара қабылдасын;

- сапалы инвестициялық жобаларды тарта отырып, үйлесімді кеңестерді  тиісті деңгейде өткізуді жалғастырсын;

 - экономиканың басым салаларында индустриялды - инвестжобаларды  Аймақтық картаға қосу бойынша  қосымша шаралар қабылдасын;

- жаңа инвестбағыттар құру үшін  сәтті инвестициялық ахуалдар мен жағдайлар  жасасын;  

- инвестжобаларды тарту жөнінде «Ауыл шаруашылық бөлімі» ММ және  округ әкімдерімен  бірлескен жұмыстарды реттесін; 

-  округ әкімдер мен  кәсіпкерлік субъектілері  түсіндіру және ақпараттық  жұмыстар жүргізсін;

- мемлекетпен  еліміздің және аймақтың  бизнес секторын  қолдау туралы  халықты ақпараттандыру үшін  БАҚ мүмкіндігін кеңінен пайдалансын.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru