Ағымдағы жылдың 8-9 маусымдары Бурабайда «Әйелдердің қоғамдық-саяси салаға қатысуын кеңейтудің ұлттық тетіктері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға әйел-депутаттар, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, «Нұр Отан» партиясының, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарда облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек, облыс әкімінің кеңесшісі Д.Құлтасова, Бурабай ауданының әкімі Ә.Ғазиз семинарға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
Саяси ғылымдардың докторы, К.Охридский атындағы София университеті политология кафедрасының меңгерушісі (Болгария) «Бейбітшілік мәдениетінің және дау-жанжалдарды басқарудың құралы ретіндегі делдалдық» атты шебер-класс өткізді.
Ақмола облысы саясаткер әйелдер Клубының басшысы, облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Дьячек Клубтың жаңа мүшелеріне сертификат тапсырды.
Сонымен қатар әйелдер саяси көшбасшылық мектебінің 60-сағаттық курсын бітірген бірінші түлектері де сертификатқа ие болды.