ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Үлкен отбасындағы өз орнымыз жайлы

31.08.2017

«Саламатты Қазақстан» медициналық поезі «Красное» станциясында бір күн аялдағанда, Есіл ауданының 325 тұрғынын қабылдады. Бұл жылжымалы медициналық кешен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы атымен аталады және кіші станциялар мен разъездерге іргелес жатқан елді мекендерде тұрып жатқан азаматтарға дәстүрлі түрде қызмет көрсетеді. 

Әрине, бұл оқиға үлкен қызығушылық тудырды. Озық жабдықтарды пайдаланушы дәрігерлердің білікті көмегіне жүгінген менің барлық дерлік жерлестерім мұндай қызметтерге риза. Орынбек Қайсарбеков (ол өзі еңбек өтілі бар дәрігер), Серғали Өсіпов (ардагерлер кеңесінің төрағасы) көз дәрігерлерінің білікті көмегін алды. Олар жылжымалы емхананың дәрігерлеріне іс жүзінде ауыл тұрғындарына өз денсаулықтарын қорғауға, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін тегін алуға өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға (Негізгі заңның 29-бабында осылай жазылған) көмектескені үшін алғыстарын білдірді. Стамотолог, терапевт, гинеколог дәрігерлерге көп адамдар жүгінді. 

Шын мәнінде, біздің елміз кең-байтақ. Транспорт магистральдары қашықтықтарды еңсеріп, осы поезд сияқты әр азаматқа, ол қай жерде тұрмасын, мемлекеттің қолдауын сезіне отырып, қызметтерді жеткізеді. Осындай нақты іс-шаралар біздің әрқайсымыздың үлкен мемлекетте үлкен отбасының толыққанды мүшелері екенімізге сенімімізді нығайтуға көмектеседі. 

Ол жөнінде біз жуырда ғана Конституция күніне арналған дөңгелек үстел басында сөзталас барысында «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалының кеңсесінде айтқан болатынбыз. Пікірталасқа қатысқандардың пікірлері біржақты болды: Қазақстан халықтары ассамблеясының 22-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы - қазақстандық бірізділікті нығайтатын ойланып жасалған қадам  және ол біртұтас азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін жағдайлар жасайды. Біртұтас Болашақтың Ұлты - ол әр азамат өзінің орнын, рөлі мен маңызын таба алатын үлкен ел мен үлкен отбасы. 

Аннель ЕРДЕНОВА,

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты,

Есіл ауданы Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі.

 

Дереккөз: «Акмолинская правда» қоғамдық-саяси газетінің интернет нұсқасы 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru